Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Мөлдір Жаңбырбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

24.05.2025, 00:04

Бұл оның Азия чемпионатында жеңген үшінші медалі

Мөлдір Жаңбырбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
olympic.kz

Ташкентте каратэден Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдегер атанды.

Жартылай финалда малайзиялық Чандран Шахмалараниден жеңілгеннен кейін Мөлдір үшінші орын үшін жапон Оказаки Айкамен күш сынасып, айласын асырды.

«Бабымда болдым. Барлығы жақсы басталған. Жартылай финалда сәл жылдамдық жетіспеді. Өзім де қателіктер жібердім. Бірақ, бұл жетістікке де қуаныштымын. Алда әлі талай жарыс бар. Бұйырса аянбай еңбек етіп, алдағы жарыстарда ел үмітін ақтайтын боламыз», - деді Мөлдір жарыстан кейін.

Мөлдір осымен Азиядан үшінші мәрте медаль алып отыр. Бұған дейін 1 алтын, 1 күміс алған. Яғни, құрлық біріншілігінен медальдар комплектін жинады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам