Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Софья Берульцева өзбек каратэшісін теуіп құлатып, ерекше камбэк жасады (ВИДЕО)

24.05.2025, 11:08

Енді ол финалда жапон қызымен күш сынасады

Софья Берульцева өзбек каратэшісін теуіп құлатып, ерекше камбэк жасады (ВИДЕО)
olympic.kz

Ташкентте каратэден өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Софья Берульцева жартылай финалда ерекше әдіспен өзбек қызын жеңіп, финалға шықты. 

Финал жолдамасын ол өзбекстандық Мохларойым Хакимжоновамен сарапқа салған болатын. Тартысты жекпе-жекте София 7-5 есебімен жеңіліп жатты. Алайда, кездесудің аяқталуына 2 секунд қалғанда қарсыласын кеудеден теуіп құлатып, вазари әдісі үшін 2 ұпай еншіледі. Сөйтіп кездесу 7-7 болып аяқталды. Сапалы ұпай алғандықтан жеңіс Софьяға берілді. 

Отандасымыз жарысты бірден ширек финалдан бастады. Бұл кезеңде ол қырғыз каратэшісі Бегимай Оразалиеваны тізе бүктірді. Енді финалда Берульцева жапониялық Сугита Сумиремен күш сынасады. 

София Берульцева Азия чемпионатының финалына осымен 5-ші мәрте шығып отыр. Бұған дейінгі 4 финалдың біреуінде ғана жеңіске жетіп чемпион атанған. Сондай-ақ, ол – каратэден Олимпиада медалін алған қазақстандық тұңғыш әйел спортшы. Софья Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам