Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Қазақстандық қос төреші халықаралық дәрежедегі төреші атағына қол жеткізді

25.05.2025, 00:35

Бұған дейін отандық үш төреші Азия дзюдо одағының жаңартылған рейтингінде алғашқы ондыққа кірген болатын

Қазақстандық қос төреші халықаралық дәрежедегі төреші атағына қол жеткізді
Қазақстан дзюдо федерациясы

Ташкентте (Өзбекстан) 19-23 мамыр аралығында халықаралық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен (IJF) төрешілерге арналған арнайы семинар өтті. Жиын барысында дзюдодан халықаралық дәрежеде төрешілікке үмтікерлер арнайы сынақ тапсырған.

Семинар аясында үміткерлер дзюдо ережелері бойынша тестілеуден, сондай-ақ ағылшын тілінен емтиханнан өткен.

Үміткерлер қатарында қазақстандық екі бірдей төреші – Бақыт Матышев пен Роза Мұхамедьярова болды. Олар емтиханды сәтті тапсырып, дзюдодан халықаралық төреші атағына қол жеткізді.

Естеріңізге салсақ, жуырда дзюдодан үш бірдей қазақстандық төреші Азия дзюдо одағының жаңартылған рейтингінде үздік ондықтың қатарында енді.

Олар:

  • 6-орында Денис Амелин (8,17) ұпай
  • 8-орында Жандос Қиянов (8,15) ұпай
  • 10-орында Самат Сапишев (8,06) ұпай
Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам