Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Каратэден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды

25.05.2025, 00:40

Финалға шығар жолда біздің жігіттер Иран құрамасынан жеңіліп қалды

Каратэден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды
Қазақстан каратэ федерациясы

Каратэден Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында кумите бағдарламасы бойынша ерлер арасында командалық сайыста Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды. 

Қола медаль үшін болған жекпе-жекте қазақстандық жігіттер камбэк жасады. Сауд Арабиясымен болған кездесуде қазақ жігіттері 2-1 есебімен жеңіліп жатып, 2-3 есебімен жеңісті жұлып алды.

Қазақстандық каратэшілер алдымен Индонезия құрамасынан басым түсті, есеп – 4:1. Ширек финалда Вьетнам спортшыларын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға шыққан. Алайда, жартылай финалда Иран құрамасынан ойсырай жеңілді.

Кумитеден Азия чемпионатының қола жүлдеге ие болған Қазақстан ерлер құрамасы: Дидар Әмірәлі, Нұрқанат Әжіқанов, Әбілмансұр Батырғали, Шыңғыс Тайлиев, Никита Тарнакин, Данияр Юлдашев, Ғалым Асылхан, Диас Анарбеков.

Бұған дейін кумитеден Қазақстан қыздар құрамасы финалға шыққан болатын. Финалда олар Вьетнам спортшыларымен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам