Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Жеңісімді кездейсоқтыққа балайтындар бар - Диера Келдиерова

25.05.2025, 14:55

Өзбек дзюдошысы алған бетінен қайтпайтынын айтты

Жеңісімді кездейсоқтыққа балайтындар бар - Диера Келдиерова
Olympic.com

Дзюдодан Олимпиада чемпионы өзбекстандық Диера Келдиерова отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында Париж төріндегі жеңісін кездейсоқтық деп атағандарға жауап берді.

«Менің жеңісімді кездейсоқтыққа балағандар бар. Париж Олимпиадасына дейін де талай жолды жүріп өттім. Жеңісім де, жеңілісім де болды. Төртжылдықтың бас додасына дейін Азия ойындарында топ жардым, әлем чемпионатында күміс жүлдегер атандым. Сонда маған «Сен бәрібір Ута Абэні ұта алмайсың, сенің оған шамаң жетпейді» деген сыңайдағы пікірлерді көп жазды. Ал Олимпиадада ұтқанымда, «бұл кездейсоқтық, келесі жолы жеңе алмайсың» деп жазып жатты. Бірақ бұған түсіністікпен қарауға тырысамын. Әртүрлі адам, әртүрлі пікір бар. Қолдайтындар да көп. Бастысы, өмірден не қалайтынымды, спортта мақсатым қандай екенін жақсы білемін және сол жоспарыма жету үшін тынбай еңбек етемін», - деді Диера.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам