
Ол Алматбек Аманбекке секундант болды
Астанада өткен күрес түрлерінен Қазақстан Кубогында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев бапкер ретінде көзге түсті. Ол грек-рим күресінен ел кубогында 72 келіде белдескен Алматбек Аманбекке секундант болды.
Алматбек Аманбек өткен жылы Азия чемпионатында күресіп, қола жүлде үшін күресте оңтүстіккореялық Хан Чжа Чунға есе жіберген еді. Сондай-ақ, 2024 жылы Қазақстан чемпионатында үшінші орын иеленген.
Айта кетерлігі, Демеу Жадыраев 2024 жылы Париж Олимпиадасында 77 кг салмақта күресіп, күміс жүлдеге ие болған. Осыдан кейін ол ресми түрде кілемге шыққан жоқ. Сондай-ақ, балуан мансабын жалғастыруға қатысты нақты шешім қабылдамағанын атаған болатын.