Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында топ жарды

29.05.2025, 10:29

Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті

Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында топ жарды
ҰОК

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына Дейзи Джепкемей көтерілді. Ол 10 000 метрге жүгіруден өткен финалдық сайыста жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.

Екінші орынды жапониялық Ририка Хиронака (30:56.32), үшінші орынды тағы бір жапон спортшысы Микуни Яда (31:12.21) иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола медаль жеңіп алған болатын.

Кения тумасы Дейзи Джепкемейдің Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсетіп жүргеніне жеті жыл болды. 2012  жылы ол 3 мың метрге кедергілермен жүгіруде әлемдегі ең үздік жасөспірімдердің бірі болған.

Ал құрамамыздың сапында ол Париждегі Олимпиада ойындарына қатысып, 17-орын алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам