Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Елена Шалыгина Загребтегі турнирде жеңіліп қалды

13.01.2024, 12:01

Отандасымыз Болгария балуанына жол берді

Елена Шалыгина Загребтегі турнирде жеңіліп қалды
prosports.kz

Еркін күрестен Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан рейтингтік Zagreb Open турнирінде қазақстандық балуан қыз Елена Шалыгина жеңіліп қалды.

68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен отандасымыз іріктеу сынынан да өте алған жоқ. Бірінші айналымда ол Олимпиада ойындарының жүлдегері Мими Христовадан (Болгария) 0:10 есебімен есе жіберді. 

Айта кетейік, Елена Шалыгина да Олимпиада ойындарының жүлдегері. Ол 2008 жылғы Пекин олимпиадасында қола медаль иегері атанған. Сондай-ақ, әлем чемпионатында бір рет күміс, екі рет қола медаль жеңіп алған. Азияның екі дүркін чемпионы, екі рет күміс, екі рет қола жүлдегері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам