Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand-slam турнирі өтеді

15.01.2024, 11:33

Турнирде I орын иегеріне 1000 ұпай, II орынға - 700 ұпай, III орын үшін 500 ұпай еншілейді

Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand-slam турнирі өтеді
Olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылғы спорт кестесін жариялады. Жаңартылған күнтізбе бойынша Қазақстанда әлемдік Qazaqstan Barysy Grand-slam турнирі Алматы қаласынан Астанаға ауыстырылғаны белгілі болды. Бұл жарыс 10-12 мамыр күндеріне жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, аталған бәсеке 2024 жылғы Париж олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы Grand-slam жарысы қатарына енген. Турнирде I орын иегеріне 1000 ұпай, II орынға - 700 ұпай, III орын үшін 500 ұпай еншілейді.

Қазақстан дзюдошылары жылдың басын Португалия Гран-приімен бастайды. Сондай-ақ, ақпан айында ерлер құрамасы Париж Гранд-слэмінде белдеседі. Әзірге рейтингтте қазақстандықтан дзюдошылар арасында ерлерден 60, 66, 73 және әйелдер күресінен 48, +78 келі салмақтағы балуандардың Олимпиадаға қатысу мүмкіндігі жоғары.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?