«Болашаққа жасалған қиянат». Artsport бағдарламасы мүмкіндік пе, алаяқтардың табыс көзі ме?

02.06.2025, 14:55

Шымкентте 64 баланың атына жалған оқу ұйымдастырылып, 21,5 млн теңге игерілген

«Болашаққа жасалған қиянат». Artsport бағдарламасы мүмкіндік пе, алаяқтардың табыс көзі ме?
Устинка LIVE

Artsport бағдарламасы бастапқыда әлеуметтік жағдайына қарамастан кез келген баланың сүйікті спортымен шұғылдануына мүмкіндік беретін жоба ретінде қарастырылған. Алайда тәжірибе мұның бәрі тек сөз жүзінде екендігін көрсетті.

Бұл туралы белгілі блогер және саясаттанушы Арсен Сәрсеков былай деп ойын ортаға салды:

«Artsport бағдарламасы әр баланың спортпен айналысып, дамуына жол ашатын мүмкіндік ретінде ойластырылған. Мемлекет бұл мақсатта миллиардтаған қаржы бөлді. Бірақ өңірлерде бұл идея бұрмаланып, бастапқы бағыты өзгеріп кетті», – деп жазады Сәрсеков.

Автор сөзіне тұзық болсын деп бірқатар дәлел келтірген:

Шымкентте 64 баланың атына жалған оқу ұйымдастырылып, 21,5 млн теңге игерілген.

Павлодарда «Nyssa KZ» жеткізушісі 20 млн теңге жымқырғаны үшін сотталған.

9 өңірде өтінімдер жаттықтырушыларсыз, оқу бағдарламасынсыз, тіпті тиісті ғимаратсыз қабылданған.

20 жағдайда балалармен бұрын зорлық-зомбылық пен жезөкшелік үшін сотталған адамдар жұмыс істеген.

Сабақтар жертөлелерде, пәтерлерде, тіпті дүкендерде өткен.

Жалпы шығын 3,2 млрд теңгені құраса, соның ішінде 1,1 млрд теңгесі – тікелей ұрлық.

Сәрсековтің айтуынша, мұндай «белсенділер» мемлекеттік қаржысын да, еліміздің болашағы балаларды да ойлап отырған жоқ. олардың көздегені – қалтасын қомпайту:

«Мемлекет бұл бағдарламаны тоқтата бастағанда, оның аясында түрлі жүйе құрып алғандар бірінші болып «әділдік» іздеп деп шу шығарды. Олар кешірім сұраған жоқ, керісінше, ұрындатып шықты. Қоғамның наразылық танытатын бөлігін арандатып, мәселелерді бұрмалап, өзін «жүйенің құрбаны» ретінде көрсетуге тырысты. Олар — кәсіби манипуляторлар. Кеше ұрлық жасады, бүгін ата-аналардың эмоциясымен ойнап отыр. Мұндай тәжірибені әлемнің түрлі елдерінен көріп отырмыз. Бюджетке апарар жолы бөгесе, айқай-шу шығарып, белсендіге айналып шыға келеді. Оар балалардың болашағын емес, олар табыс көзін ғана ойлайды, содан айырылып қалмауды мақсат тұтады. Балалардың ақшасына көз салу – бұл жемқорлық қана емес, бұл болашаққа жасалған қиянат. Олар ақша емес, олар жылдарды, мүмкіндікті және сенімді ұрлайды».

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам