
Ол ат снарядындағы жаттығулар бойынша ең үздік нәтиже көрсетті
2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Ол ат снарядындағы жаттығулар бойынша ең үздік нәтиже көрсетті.
Финалда Құрбанов төрешілердің шешімімен 14.933 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Вун Хур (14.633 ұпай) жайғасты. Үшінші орынды вьетнамдық Дан Нгок Тхен (14.233 ұпай) еншіледі.
Ілияс Әзізов 13.933 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады.