Қазақстанда жұмыс істеген бес дүркін әлем чемпионы Ресейде допингпен ұсталды

07.06.2025, 13:26

Гацалов 2015 жылғы сынамаға байланысты уақытша шеттетілді

Қазақстанда жұмыс істеген бес дүркін әлем чемпионы Ресейде допингпен ұсталды
Ресей күрес федерациясы

Еркін күрестен Ресей құрамасының бапкері, Олимпиада чемпионы Хаджимурат Гацалов Мәскеу антидопинг зертханасының (LIMS) деректері негізінде уақытша қызметінен шеттетілді. Енді оның орнын Денис Царгуш басады.

Гацалов 2015 жылғы сынамаға байланысты, Мәскеу зертханасының деректер базасы негізінде уақытша шеттетілді. Ресейдің еркін күрес федерациясы (ФСБР) Олимпиада чемпионы және бес дүркін әлем чемпионы Гацалов өз абыройын қорғайтынын мәлімдеді. Алайда тергеу барысында ол лауазымын атқаруға құқығы жоқ.

Гацалов 42 жаста. Ол 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ Гацалов – бес дүркін әлем чемпионы (2005, 2006, 2007, 2009, 2013) және үш дүркін Еуропа чемпионы (2003, 2004, 2006). Гацалов 2022 жылы Ресей құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалған.

Еске салайық, Гацалов 2017 жылғы 14 шілдеде Алматыда ашылған Қазақстанның еркін күрес академиясының жетекшісі және бас жаттықтырушысы болған.

Енді оның орнына тағайындалған Царгуш өз кезегінде – үш дүркін әлем чемпионы және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 1

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам