Спорттық гимнастика: Қазақстан жасөспірімдері Азияда үш медаль алды

08.06.2025, 14:05

Роман Хегай мен Нұртан Ыдырысов алтын медаль иеленді

Спорттық гимнастика: Қазақстан жасөспірімдері Азияда үш медаль алды
ҰОК

8 маусымда Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр.

Жарыс аясында жасөспірімдер арасындағы финалдық бәсекелер өтті. Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.

Қос қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда өнер көрсетті. Роман Хегай төрешілердің шешімімен 13.800 ұпай жинаса, Нұртан Ыдырысов 12.866 ұпайға ие болды. Үздік үштікті жапониялық Харутоши Очаи 12.666 ұпаймен түйіндеді.

Сондай-ақ, Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуларда ең үздік нәтиже көрсетіп, 13.933 ұпайға ие болды.

Айта кетейік, жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста үшінші орын алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам