Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

11.06.2025, 00:14

Ол әлем чемпионатында төрт рет жүлдегер атанған болатын

Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
UWW

Қазақстандық балуан қыз Жәмила Бақбергенова «Біріккен күрес әлемінің» (UWW) жаңартылған рейтингінде өз салмағында көш басындағы орнын сақтап қалды.

Естеріңізде болса, ұйымның сәуір айындағы рейтингінде Бақбергенова бірінші орыннан жапон қызы Ами Ишиды ығыстырған еді. Бұған Жәмиланың Иорданияда өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атануы себеп. Ол сары құрлық біріншілігінде төртінші рет үздік атанып, жарыс нәтижесі бойынша 10 мың ұпай еншіледі. 

Бұл жолы да Иши 72 келіде екінші орында тұр. Моңғолиялық Болортунгалаг Зоригт үздік үштікке енсе, Александра Ангел төртінші орынға иелік етті. 

Жәмила Бақбергенованың қоржынында әлем чемпионатының 3 күміс, 1 қола жүлдесі бар. Сонымен қатар, ол – Азия чемпионатының 4 дүркін чемпионы, Азия ойындарының күміс медаль иегері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам