Мағжан Шамшадин атақты испан балуанын 10 секундта иппонға түсірді

13.06.2025, 17:25

Дзюдошы әлем чемпионатын сәтті бастады

Мағжан Шамшадин атақты испан балуанын 10 секундта иппонға түсірді
Дзюдо федерациясы

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының спортшысы Мағжан Шамшадин Будапешттегі әлем чемпионатын сәтті өткізіп жатыр.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз алдымен америкалық Дэвид Тереоны жеңді. Белдесу қосымша уақытқа дейін созылды. Дегенмен қарсыласы қателік жіберіп, Мағжан жеңіске жетті.

Екінші кезеңде Шамшадин испаниялық Франсиско Гарригостың мысын басты. Қазақстандық дзюдошы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Франциско Гаригосты бар болғаны 10 секундта жарыс жолынан ығыстырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам