Әлем чемпионатына барған қазақ балуаны бірінші айналымда-ақ жарыстан шықты

13.06.2025, 16:18

Ғалия Тынбаева нидерландтық Эмбер Херсйэсмен күресті

Әлем чемпионатына барған қазақ балуаны бірінші айналымда-ақ жарыстан шықты
ҰОК

Будапештте (Венгрия) дзюдодан әлем чемпионаты басталды.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан татамиге алғаш болып Ғалия Тынбаева шықты. Әлем біріншілігіндегі алғашқы белдесуінде ол нидерландтық Эмбер Херсйэсмен күресті. Нидерланд спортшысы кездесудің соңына қарай нәтижелі әдіс жасап, жеңіске жетті. Осылайша, Ғалия Тынбаева жекелей сыннан шығып қалды.

Айта кетейік, бұл салмақта тағы бір қазақстандық спортшы Абиба Әбужақынова да бақ сынайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам