Сенсация: Қарағандылық Олимпиада чемпионы әлем чемпионатында жеңілді

15.06.2025, 15:39

Хидаят Гейдаров 22 жастағы Отари Квантидзеден жеңілді

Сенсация: Қарағандылық Олимпиада чемпионы әлем чемпионатында жеңілді
Getty sport

Қарағанды облысының тумасы, қазіргі кезде тарихи отаны Әзербайжанның намысын қорғап жүрген дзюдошы Хидаят Гейдаров әлем чемпионатында жеңіліс тапты.

Ол алғашқы айналымда шыққан тегі грузиялық, қазіргі кезде Португалия намысын қорғап жүрген 22 жастағы Отари Квантидземен кездескен. Бірақ «алтын нашивка» киіп келген Гейдаровтың қарсыласына шамасы жетпеді. Сөйтіп әлем чемпионатын жүлдесіз аяқталды. Әзербайжан балуаны 73 келіде белдеседі.

Еске салсақ, дзюдодан биылғы әлем біріншілігі Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатыр. Қазақстан қоржынында әзірге Абиа Әбужақынова (48 келі) салған күміс жүлде ғана бар. Бүгін 73 келідегі Есет Қуанов белдеседі.

Айта кетейік, Хидаят Қарағандыда туған, бірақ жас кезінде отбасымен бірге Бакуге көшіп, дзюдомен айналыса бастаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам