«Садулаев апарды». Әлішер Ерғалиды Олимпиада чемпионы тойына шақырды

Бүгін, 09:29

Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудинов үйленді

«Садулаев апарды». Әлішер Ерғалиды Олимпиада чемпионы тойына шақырды
әлеуметтік желі

Бахрейн елінің намысын қорғап жүрген еркін күрестен Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудинов үйленді.

Ол тойын туған жері Дағыстанда жасады. Жас жұбайлардың қуанышына ортақтасуға көптеген танымал спортшылар барды. Шақырылған меймандар арасында қазақ балуаны Әлішер Ерғали да бар. Оны тойға екі дүркін Олимпиада чемпионы, «Орыс танкісі» Абдулрашид Садулаевты өзі көлікпен жеткізген.

Айта кетейік, Әлішер Ерғали мен Ахмед Тажудинов Париж Олимпиадасының ширек финалында кездескен. Сол кезде Тажудинов 14-2 есебімен жеңген. Кейін 97 келіде Олимпиада чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам