
Ол алғашқы айналымда молдовалық Петру Пеливанды «юко» ұпайымен жеңді
Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында бүгін 81 келіде ел намысын қорғап жатқан Абылайхан Жұбаназар жарысты сәтті бастады.
Ол алғашқы айналымда молдовалық Петру Пеливанды «юко» ұпайымен жеңді. Одан кейін бразилиялық Габриэль Фалькаоны жарыстан ығыстырды. Енді ширек финалдың жолдамасын ресейлік Тимур Арбузов өткізеді. Қарсыласы – бейтарап ту астында өнер көрсетіп жатыр. Ол 2024 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері, биыл Еуропа чемпионы атанған.
Ал ел құрамасынан Эсмигүл Куюлова (63 келі) әлем чемпионатын алғашқы айналымнан аяқтады. Белдесуде ол словениялық Кажа Каджерге есе жіберді.