Қазақстандық таеквондошылар АҚШ-та үш медаль жеңіп алды

Ұлттық құраманың қоржынында бір күміс және екі қола медаль бар

ҰОК
ҰОК

АҚШ-тың Шарлотт қаласында таеквондодан Гран-при сериясының алғашқы кезеңі өтті.

Қазақстан құрамасы беделді турнирді үш жүлдемен аяқтады. Ұлттық құраманың қоржынында бір күміс және екі қола медаль бар.

АҚШ-та екінші орынды Нодира Ахмедова иеленді. Ол 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті.

Үшінші орыннан Тамерлан Тілеулес (58 келіге дейін) пен Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) көрінді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам