Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

ШҚО-да танымал MMA файтерін атып өлтіріп кетті

15.01.2024, 16:51

Қанды қылмысқа қызғаныш себеп болған болуы мүмкін

ШҚО-да танымал MMA файтерін атып өлтіріп кетті
Фото ашық дереккөзден

Өскеменде көшеде адам қолынан қазақ тапқан тұрғынның белгілі спортшы, жекпе-жек шебері Эльер Юнусметов екені белгілі болды. Yk-news.kz сайтының жазуынша, оны 27 жастағы қала тұрғыны мылтықпен атқан. 

«Криминальный Казахстан» телеграм-арнасында қаза болған ер адам – белгілі спортшы, халықаралық деңгейдегі ММА шебері Эльер Юнусметов екені айтылды.

Эльер кикбоксинг, самбо, бокс, қоян-қолтық ұрыс, тай боксынан өткен аудан, облыс, республикалық және халықаралық чемпионаттардың чемпионы атанған атлет болатын. 

Қазіргі уақытта қылмысқа күдікті ретінде 26 жастағы А.К. Тюебаев есімді азамат ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам 23 жастағы келіншегін Юнусметовтен қызғанып, осындай қадамға барған.

Эльер Юнусметов 1990 жылы ШҚО, Қатон-Қарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген. 5 жасынан бастап спортпен айналысып, спорттық мансабында көптеген жетістікке жеткен. 

Соңғы уақытта спортшы «Барыс QTT» бразилиялық клубтың сапында джиу-джитсу және грэпплингпен айналысып жүрген. 

Аталған жайтқа байланысты Полиция департаменті «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам