Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық

«Astana Qazaqstan Team» 7 велошабандозбен «Тур Даун Андер» көпкүндігін бастады

16.01.2024, 22:53

Жарыс 16 мен 21 қаңтар аралығында өтпек

«Astana Qazaqstan Team» 7 велошабандозбен «Тур Даун Андер» көпкүндігін бастады
olympic.kz

«Astana Qazaqstan Team» велокомандасы бүгін көпкүндік «Тур Даун Андер» жарысын бастайды. Аталған сында отандық кәсіпқой велоклуб сапында сынға түсетін велошабандоздар құрамы белгілі болды. 

Жауапты көпкүндік дода 16 мен 21 қаңтар аралығында өтпек. Ал жарысқа клуб қатарында Самуэле Баттистелла, Джанмарко Гарофоли, Микеле Гадзоли, Дмитрий Груздев, Макс Кантер, Кристиан Скарони, Рудигер Зелиг сынды спортшылар қатысады. 

Бұған дейін қазақстандық велоспортшы Дмитрий Груздев «Astana Qazaqstan Team» велокомандасымен арадағы келісім-шартты қайта жаңғыртып, уақытын ұзартты. Клуб қатарында 12 маусымды толық өткізген ол 9 Гранд-тур мен 20 монументалды классикалық жарыстарда өз әлеуетін сынаған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт