Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды

Бүгін, 15:46

Қонысбек Төкенов соңғы үш жылда жастар құрамасын жаттықтырды

Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды
Видеодан кадр

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен Қонысбек Төкенов грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Қонысбек Төкенов соңғы үш жылда жастар құрамасын жаттықтырды. Осы кезеңде ол басшылық еткен команда Азия және әлем чемпионаттарында жоғары нәтиже көрсетті. 2023 жылы Исхар Құрбаев жастар арасында әлем чемпионы атанса, 2024 жылы Ислам Еблоев әлем біріншілігінде топ жарды. Сондай-ақ, 2024 жылы Тиранада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте Ираннан кейін екінші орынды иеленді.

Оған дейін Төкенов 2018 жылдан бастап жасөспірімдер құрамасында бапкерлік қызмет атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқарған Юрий Мельниченко Париж Олимпиадасынан кейін өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Қазіргі таңда ол құраманың кеңесші бапкері ретінде жұмысын жалғастырып жатыр.

Мельниченконың жетекшілігімен өткен жылы Қазақстан құрамасы бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Париж Олимпиадасында бір күміс медаль, әлем чемпионатында тағы бір күміс, ал Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам