Ақтөбеде құдыққа түскен қызды құтқарамын деген спортшы қайтыс болды

Telegram WhatsApp

Нұрбол Бердіғалиев – 6 баланың әкесі, еркін күрестен жаттықтырушы 

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты Жарлы ауылында болған қайғылы оқиға салдарынан 9 жасар қыз бала мен 38 жастағы ер адам көз жұмды.

Оқиға 17 маусым күні ауылдағы жеке тұрғын үйдің ауласында болған. Қыз бала тереңдігі шамамен 10 метр болатын, ұзақ жылдар бойы пайдаланылмаған, қоқысқа толы және үсті көлік дөңгелегімен жабылған ескі құдыққа құлап кеткен.

Көмекке алғашқы болып ауыл тұрғыны, алты баланың әкесі, еркін күрестен жаттықтырушы Нұрбол Бердіғалиев жеткен. Ол ойланбастан құдыққа түсіп, қызды құтқаруға тырысқанымен, өз бетімен қайта шыға алмады. Байғанин ауданының әкімі Айбек Купеновтың айтуынша, алдын ала болжам бойынша, екеуі де құдық түбіндегі улы газдың буынан уланған.

– Бұл бұрын екі отбасы пайдаланған ескі құдық. Оның үсті ағаш тақтайлар мен дөңгелекпен жабылған. Қайғылы сәтте үш бала құдық маңында ойнап жүрген. Сол кезде қыз бала құлап кеткен. Нұрбол Бердіғалиев көмекке ұмтылып, төменге түсті. Алайда улы газдың буынан уланып қалған. Кейін құтқарушылар екеуінің денесін алып шықты

деді аудан әкімі

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткенше, екеуі де қайтыс болған. Ал полиция департаменті аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Нұрбол Бердіғалиев 2017 жылы Жарлы ауылына көшіп келіп, Байғанин аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Осы жылдар ішінде ол облыстық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиеледі. Оның шәкірттерінің қатарынан 20-ға жуығы Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындаған.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 6 596 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 255 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 832 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›