Алматы облысының прокуратурасы Шавкат Рахмоновты шақырған: себебі неде?

21.06.2025, 15:15

Танымал қазақстандық файтер жастар тәрбиесіне үлес қосуға дайын екенін айтты

Алматы облысының прокуратурасы Шавкат Рахмоновты шақырған: себебі неде?
әлеуметтік желі

UFC-дегі танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Алматы облысының прокуроры Берік Адамовпен кездесті. Кездесуде жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы күрес және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері талқыланды.

Берік Адамовтың айтуынша, өңірде балалар мен жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. 2025 жылдың өзінде мектептерде 500-ден астам кездесу өткізіліп, оқушыларға олардың құқықтары мен заң талаптары түсіндірілген.

Сонымен қатар барлық мектептерде QR-кодтар орнатылып, оқушылар буллинг, бопсалау және өзге де мәселелер жөнінде анонимді түрде хабарлай алатын мүмкіндік жасалған. Прокуратура дерегінше, жыл басынан бері 69 мыңнан астам баланың құқығы қорғалған.

Кездесу барысында Шавкат Рахмоновқа жасөспірімдердің нашақорлықпен байланысты қылмыстық істері туралы баяндайтын «Қабырға ар жағындағы балалық шақ» атты деректі фильм көрсетілді. Фильм спортшыға терең әсер етіп, ол өз тарапынан бастамаларды қолдайтынын және жастар тәрбиесіне, спортты дамытуға, позитивті құндылықтарды насихаттауға үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

«Шавкат Рахмоновтың қатысуы – жастармен жұмыста маңызды үлес. Танымал спортшылардың көмегімен біз заң мен тәртіптің мәнін жастарға тиімді түсіндіре аламыз», – деді облыс прокуроры Берік Адамов.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам