Түркістан облысының әкімдігі әлемді мойындатқан каратэшіге 1 млн теңге берді

Telegram WhatsApp

Әсел Қанай каратэдегі ең беделді атақтардың бірі «Grand Winner – 2025» мәртебесіне ие болған

Түркістан облысы әкімдігі
Түркістан облысы әкімдігі

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев каратэ спортындағы ең беделді атақтардың бірі «Grand Winner – 2025» мәртебесіне ие болған Әсел Қанайды қабылдап, жеңісімен құттықтады.

Кездесуге облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшылығы мен спортшының бапкері және өзге де спорт саласының өкілдері қатысты. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары спортшының жетістігін жоғары бағалап, қашан да спортты дамытуға және елдің мақтанышына айналып, әлі талай биіктерді бағындыратына сенім білдірді.

«Түркістандық спортшылар еліміздің абыройын асқақтатып келеді. Облыс әкімдігі тарапынан спортшыларға әрдайым қолдау көрсетеміз. Қазіргі таңда каратэден Түркістан облысы алдыңғы орындарда тұр. Сізге облыс жұрты ғана емес, бүкіл Қазақ елі барынша қолдау көрсетеді. Әрқашан спортымызды дамытып, қазақ халқының абыройын асқақтата беріңіз. Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының атынан алғыс білдіре отырып, спорттағы жолыңызда толағай табыс тілеймін»

деген облыс әкімінің орынбасары қаржылай сертификат табыс етті

Әсел Қанай – каратэден халықаралық деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы. Биылғы «Karate 1 Premier League Top – 32» рейтингтік турнирлерінің қорытындысы бойынша – 2 қола және 1 күміс медаль жеңіп алды. Әлемдік рейтингте 61 келі салмақ дәрежесінде 1-орында тұр. Каратэ спортындағы ең беделді атақтардың бірі «Grand Winner – 2025» мәртебесіне ие болған.

Пікірлер

Жүктелуде…

Материалда:

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 5 228 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 217 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 831 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 308
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›