
Қоссырық жаттығуының финалында Ильяс Азизов күміс иеленді
Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында Ұлттық құраманың 3 спортшысы тұғыр сатысына көтерілді.
Қоссырық жаттығуының финалында Ильяс Азизов күміс (13.100 ұпай), тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин қола жүлдегер (12.700 ұпай) атанды. Бұл жаттығуда жарыс қожайыны Акрорхон Темірхонов 13.550 балл жинап, топ жарды.
Ал әйелдер арасында бөрене жаттығуында Көркем Ербосынқызы финалда үздік үштікті түйіндеді. Отандасымыз 12.100 балл алып, Challenge Cup жарысында алғашқы жүлдесін мойнына тақты.
Жүлдегерлер:
1. Кайлия Немор 13.300 (Алжир)
2. Одинахон Робиджонова 12.500 (Өзбекстан)
3. Көркем Ербосынқызы 12.100 (Қазақстан)