Ризабек Айтмұқанның басты қарсыласы Түркияда жаңа салмақта жүлде алды

29.06.2025, 23:17

Кешегі 2 алтын, 1 күміс медальді қосқанда еркін күрестен ұлттық құрама турнирде 2-орын алды.

Ризабек Айтмұқанның басты қарсыласы Түркияда жаңа салмақта жүлде алды
портты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін Түркияның Коджаэли қаласында күрес түрлерінен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық жарыс аяқталды.

Шешуші жарыс күні Қазақстан спортшылары тағы 2 жүлдеге қол жеткізді.

Күміс жүлде: Начын Куулар (-70 келі)

Күміс жүлде: Әлішер Ерғали (125 келі).

Айта кетейік, Әлішер бұл жарыста жаңа салмақта яғни 125 келіде күресті. Ал оның Қазақстандағы басты қарсыласы Ризабек Айтмұқан кеше 97 келіде чемпион атанған болатын.

Кешегі 2 алтын, 1 күміс медальді қосқанда еркін күрестен ұлттық құрама турнирде 2-орын алды.

Командалық есеп:

1-орын: Түркия

2-орын: Қазақстан

3-орын: Болгария.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам