Абиба Әбужақыноваға су жаңа көлік мінгізді

Бүгін, 15:49

Ол жуырда ғана әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын

Абиба Әбужақыноваға су жаңа көлік мінгізді
Abiba48/instagram

Жақында ғана дзюдодан Будапештте өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған дзюдошы Абиба Әбужақынова су жаңа көлік мінді. Қуанышты жаңалықты спортшы қыздың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныма «Jenys» клубы көлік атады. Ел мерейін үстем еткенде, клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өте қуаныштымын және «Jenys» клубына ризашылығымды білдіремін», - деп жазды дзюдошы. 

Айта кетейік, 2022 жылы құрылған «Jenys» клубына бүгінде еліміздің абыройын асқақтатып жүрген бірқатар дзюдошы енген, солардың арасында Абиба Әбужақынова да бар. 

Естеріңізде болса, Әбужақынова әлем чемпионатының финалында Италия өкілі Асунта Скуттомен кездесіп, белдесу аяқталуға 14 секунд қалғанда иппон әдісімен жеңілді. Осылайша, ол тұңғыш рет әлем біріншілігінің үш дүркін жүлдегері атанды. сонымен қатар Абиба дзюдо тарихында қазақ қыздары арасынан тұңғыш рет әлем чемпионатының финалына шыққан спортшы атанды. Осыдан соң ол Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рейтингінде 2-орынға көтерілді. Оның еншісінде – 5662 ұпай.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам