ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Бибісара Асаубаева жігіттің бойында қандай қасиет болу керектігін айтты

02.07.2025, 23:27

Ол – әлемнің екі дүркін чемпионы

Бибісара Асаубаева жігіттің бойында қандай қасиет болу керектігін айтты
instagram.com/bibisarachess/

Танымал шахматшы Бибісара Асаубаеваның әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлер арасында шағын сауалнама өтті.

Жазылушылардың бірі бойжеткеннен: «Саған жігіттер мен қыздардың қандай қасиеттері ұнайды?» деп сұрақ қойды.

Асаубаева оған былай деп жауап берді:

1. Тәрбиелі
2. Мейірімді
3. Жомарт
4. Орынды әзілдейтін
5. Дамуға ұмтылатын

Ең бастысы — шынайылық. Екіжүзділікті мүлде ұнатпаймын», - деп жазды шахматшы өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, 21 жастағы Тараз тумасы – блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы. Ол 2021 және 2022 жылдары әлем біріншілігінде топ жарған. Сондай-ақ 2021 жылы Бибісара блиц шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам