Қазақстандық бизнесмен танымал бапкерді сақтап қала алмаған басшыларды сынады

Telegram WhatsApp

Дағыстан құрамасын жаттықтыратын Юсуповтің шәкірттері Ресейде 10 алтын медальдің тоғызын иелінді

instagram.com/erlan_sadu9
instagram.com/erlan_sadu9

Еркін күрестен Қазақстан құрамасында бас бапкер кеңесшісі болған, бүгінде Дағыстан құрамасын жаттықтыратын Маирбек Юсуповтің шәкірттері Ресей чемпионатында 10 алтын медальдің тоғызын иелінді.

Өзі Қарағандыда туып, кейіннен Ресейге қоныс аударған маманның танымал шәкірттері көп. Кезінде елімізде жүріп Нұрқожа Қайпанов, Ризабек Айтмұхан, Дәулет Ниязбеков, Азамата Дәулетбеков, Данияр Қайсановтардың қанатының қатаюына көмектескен Юсупов Азия және әлем чемпионаттарының көптеген жүлдегерін даярлаған.

Дегенмен келісімшарт мерзімі ұзартылған жоқ. Білікті маманның кезекті жетістігінен соң еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бұрынғы президенті, «Сәду» еркін күрес академиясының негізін қалаушы Ерлан Қожасбай құраманың қателік жасағанын алға тартты. Ол отандық күреске серпін әкелген Юсуповті қатарда алып қала алмағанымызды сынады.

«Біз көп нәрсені өзгерте алатын мықты бапкерден айырылып қалдық. Ол Қазақстан құрамасында өз ізін қалдырды. Маирбек Юсупов Қазақстан құрамасының кеңесшісі болды. Ол тек жаттықтырумен шектелген жоқ, ол жүйе құрды. Оның басшылығымен Қазақстан құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, Токиода өткен Олимпиадада бесінші орын алды. Бірақ онымен келісімшарт ұзартылмады. Кейін оны Қытай шақырды. Үш жыл ішінде ол Аспанасты елінің құрамасын биік деңгейге көтеріп, енді Дағыстанға оралғанда, оның командасы Ресей чемпионатында 10 алтынның 9-ын жеңіп алды. Бұл – кездейсоқтық емес. Бұл – жүйелі жұмыстың жемісі. Ал біз тағы да бір сарынды, орнында айналып жүрген күйдеміз. Ескі әдеттен шыға алмай келеміз. Өзгерістен қорқамыз. Сол баяғы адамдар, сол баяғы әдістер, сол баяғы қысқа ойлау. Ал дәл Маирбек Юсупов сияқты мамандар бізді осы тығырықтан алып шығып, алға бастай алатын еді...»

деп жазды Ерлан Қожасбай

 

Пікірлер

Жүктелуде…

Материалда:

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 6 119 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 241 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 832 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 309
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›