Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Катар 2036 жылғы жазғы Олимпиаданы өткізуге ресми үміткер атанды

23.07.2025, 10:48

Катар 2022 жылы футболдан әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырған еді

Катар 2036 жылғы жазғы Олимпиаданы өткізуге ресми үміткер атанды
Getty Images News

Катар 2036 жылғы Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге ресми өтінім берді. Бұл туралы елдің Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлап, тиісті құжаттардың Халықаралық Олимпиада комитетіне жолданғанын растады, деп жазады Anadolu Ajansı.

Мемлекет соңғы жылдары спорттық инфрақұрылым мен ұйымдастырушылық әлеуетін жан-жақты дамытып келеді. Елдің Олимпиадалық комитетін басқаратын шейх Джуан бин Хамад Әл Тани бұл бастаманың спорт арқылы халықтар арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ елдің премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдуррахман Әл Тани Катар бұл өтінім арқылы «бейбітшілік жолындағы спорт» қағидатын ұстанатынын және заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған инфрақұрылымы толық дайын екенін жеткізді.

Айта кету керек, Катардың мұндай ірі жарысты өткізуге дайындығы бұрынғы халықаралық тәжірибелермен дәлелденген. Әсіресе, 2022 жылы өткен футболдан әлем чемпионаты жоғары деңгейдегі ұйымдастыруымен есте қалды.

Егер ХОК өтінімді қабылдаса, Катар Олимпиаданы өткізген Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы аймағындағы алғашқы мемлекет атануы мүмкін.

Бұған дейін Катар 2006 жылы Азиада ойындарын, 2015 жылы гандболдан әлем чемпионатын, 2019 жылы жеңіл атлетикадан әлем біріншілігін және 2024 жылы су спорттарынан әлем чемпионатын сәтті ұйымдастырған. Ал алдағы жылдары елде 2025 жылы үстел теннисінен, 2026 жылы нысана көздеуден, 2027 жылы баскетболдан (FIBA) әлем чемпионаттары, сондай-ақ 2030 жылы кезекті Азиада ойындары өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам