Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Алматыдағы көшеге Денис Теннің есімі берілмек

23.07.2025, 12:38

Спортшы 2018 жылы ұрылардың қолынан қаза тапты

 

Алматыдағы көшеге Денис Теннің есімі берілмек
әлеуметтік желі

Алматы қаласының әкімдігі шаһардағы 156 атаусыз көшеге ресми атау беруді ұсынды. Қала әкімдігінің бастамасы қалалық мәслихаттың қарауына жолданды.

Бұл ұсыныс мегаполистің жеті ауданын қамтып отыр. Жаңа атаулар қатарында мәдениет, ғылым мен тарих, спорт салларындағы көрнекті тұлғалардың есімдері бар. Атап айтқанда, Бостандық ауданындағы бір көшеге 2018 жылы көз жұмған танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімін беру жоспарланған.

Аталған бастама қоғамдық тыңдаудан және қалалық мәслихат депутаттарының қарауынан өткен соң, сессияда қаралып, түпкілікті шешім қабылданатын болады.

Еске сала кетейік, Денис Тен автокөлігінің айналарын ұрламақ болған қылмыскерлермен жанжал кезінде ауыр жарақат алып, көп қан жоғалту салдарынан қайтыс болған еді.

2019 жылдың 14 қаңтарында Нұралы Қиясов өз кінәсін мойындап, жауапқа тартылды. Сонымен қатар бұл іс бойынша Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева да сот алдында жауап берді.

17 қаңтарда Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот үкім шығарып, Қиясов пен Құдайбергеновті 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ал Толыбаева 4 жылға сотталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам