Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Қазақстандық дзюдошы Жасұлан Жұмағали АҚШ-та ауыр жарақат алып қалды

01.08.2025, 13:36

Спортшы жарыстардың бірінде мойын омыртқасын сындырып алған

Қазақстандық дзюдошы Жасұлан Жұмағали АҚШ-та ауыр жарақат алып қалды
әлеуметтік желі

Америкада тұратын жерлесіміз, дзюдодан әуесқой спортшы Жасұлан Жұмағали ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы актер әрі блогер Нұртас Адамбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, спортшы жарыстардың бірінде мойын омыртқасын сындырып, шұғыл түрде операция жасатқан.

Естеріңізде болса, Жасұлан жуырда Сан-Диегода өткен California State Games жарысында тоғыз кездесу өткізіп, 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алған болатын. Осы жетістігін әлеуметтік желіде бөліскен еді. Алайда көп ұзамай қайғылы жағдай болған.

Нұртас Адамбай өзінің жазбасында былай деп мәлімдеді:

«Құрметті достар, біз сіздерге үндеу жолдап отырмыз. Жерлесіміз Жасұлан соңғы жарыстардың бірінде ауыр жарақат алып, мойын омыртқасын сындырып, шұғыл ота жасатты.
Қазір оның денесі ештеңе сезбейді, қол-аяғы ісіп кеткен. Алда ұзақ оңалту кезеңі тұр. Мақсатымыз – Жасұланның қайта аяғынан тұруына көмектесу.
Жасұланға көмек бергісі келетін жандар үшін Kaspi нөмірі: +7 778 112 5658 (Ерлан Ж.) – Жасұланның туған бауыры.
АҚШ-тағылар үшін Zelle арқылы: +1 (310) 696-3068
Сондай-ақ мына сілтеме арқылы да көмек көрсетуге болады: gofund.me/93867459
Жасұлан көп жылдан бері өзге жандарға қолдау көрсетіп, еріктілер жұмысына атсалысып, әрдайым жақсылық жасауға дайын жүретін.
Енді көмек оған қажет.
Емделу, ота және медициналық қызмет құны өте қымбат. Себебі Жасұлан АҚШ-та тұрады және дәл қазір сол жақтағы ауруханада жатыр.
Отбасы осы шығындарды өтеу үшін шұғыл қаржылай көмекке зәру».

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам