ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Нариман Құрбанов кезекті Олимпиада ойындарына қатысатынын мәлімдеді

04.08.2025, 10:32

Спорттық гимнастикадан Олимпиада жүлдегері атанған алғашқы спортшы болды

Нариман Құрбанов кезекті Олимпиада ойындарына қатысатынын мәлімдеді
ҰОК

2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, спорттық гимнаст Нариман Құрбанов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысатынын ресми түрде жариялады.

Спортшы бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды:

«Естеліктерге оралу әрқашан да жылы болады, бірақ осымен біз тоқтап қалмаймыз. 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының алтынына күресу үшін бар күшімді салып, еңбек ететін боламын», — деп жазды Нариман.

Айта кетейік, Нариман Құрбанов 2024 жылғы Олимпиадада ат снаряды жаттығуы бойынша күміс медаль жеңіп алған болатын. Бұл жетістігі арқылы ол Қазақстан тарихында спорттық гимнастикадан Олимпиада жүлдегері атанған алғашқы спортшы болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×