
Ол біраз уақыт бұрын Қазақстанға қашып келген еді
Волейболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Кристина Карапетян (Устинова) 3 тамызда 33 жасқа толды. Ол туған күнін Кипрде қарсы алған.
Бір жыл бұрын болғым келген жерде туған күнімді қарсы алу – үлкен бақыт.Арманым ең керемет түрде орындалды. Ата-анама барлық идеяларым мен мақсаттарымды қолдағаны үшін алғысым шексіз.Жанымдағы жігітімнің махаббаты – мені қанаттандырады. Қасымдағы достарыма әрқашан жанымда болғандары үшін алғыс айтамын.Ал сіздерге, менің оқырмандарым мен көрермендеріме – сенімдеріңіз бен блогымның дамуына қосқан үлестеріңіз үшін рахмет. Сіздерді жақсы көремін, - деп жазды спортшы.
Ол Кипрдің Лимассол қаласында жүргенін көрсеткен.
Айта кетейік, Кристина Карапетян Кипрде шетелдік жігіті соққыға жыққанын мәлімдеген болатын. Сосын ол Қазақстанға қашып келген еді.
«Екеуара кикілжің 17 наурыз күні – Лимасол қаласындағы карнавалды тойлау кезінде туындады. Грек тілінде балағат сөз айтып қалдым, бірақ бұл сөздің оған қатысы жоқ еді, неге екенін білмеймін, «сен менің анамды боқтадың» деп шықты. Біріншіден, сенің анаңды қалай құрметтейтінімді және жақсы көретінімді білесің. Екіншіден, рульге отырғанда не ашуланғанда өзің де осы сөзді айтасың ғой, мен саған ештеңе деген емеспін» дедім. Сонан соң маған «фак оф» деді, мен бұрылдым да кетіп бара жатқанмын, ал оның заттарын жол маңына қоя салдым. Ол артымнан қуып жетті де, қылқындырып, желкеммен қабырғаға ұра бастады. Қашып кетпек болдым. Бір қыз жүгіріп келіп полиция шақыратынын айтты. Ол сол кезде барып босатты. Екеуміз екі жаққа кетіп қалдық. Соның отбасымен бірге тұратын үйге қарай жүгірдім, келсем ол менің заттарым салынған қапшықты қоқысқа тастауға бара жатыр екен. Екінші қабатқа көтеріліп, қалған заттарымды жинап алайын дедім. Мысығымды да алып кеткім келді. Ол да менің соңымнан көтеріліп, макбугімді сындыра бастады, екеуміз ұрыстық. Сол сәтте ол мені бір ұрды, есімді жисам еденде жатыр екенмін, көзім ашылмай қалды. Оның анасы бәрін көріп тұрды, мұз алып келді. Кетпек болғанда ол көзімнің көгергені басылғанша қалуымды өтінді. Келіспедім. Кипрдегі жалғыз құрбыма хабарласып, ұшқанша сонда бола тұрдым», - деді бойжеткен.
Осы жайттан соң Кристина Карапетян Қазақстанға оралған. Ал, ауыр соққы алған көзіне операция жасатыпты.
Кристина Карапетян Ресейде дүниеге келген. 2017 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Ұлттық құрамада ойнады. «Ертіс», «Жетісу» командаларында өнер көрсетті. 2020 жылы жарақатына байланысты мансабын аяқтаған. Ол ең алғаш 2014 жылы Ресейде жаттықтырушы Дмитирий Карапетянға тұрмысқа шыққан. Кейін Қазақстанға келгенде волейболшы Михаил Устиновтың жары болды.