Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Олимпиадада жүлдегері атанған алғашқы қазақ қызы Польшадағы жарыстың финалында күресуден бас тартты

04.08.2025, 20:14

Дегенмен отандасымыз бұл сайыста  күміс жүлдеге ие болды.

Олимпиадада жүлдегері атанған алғашқы қазақ қызы Польшадағы жарыстың финалында күресуден бас тартты
ҰОК

Варшавада (Польша) әйелдер күресінен халықаралық турнир өтті. Аталмыш жарыста 76 келіде сынға түскен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова финалға жолдама алған еді. Алайда ол шешуші белдесуден бас тартты.

 Қазіргі таңда оның финалдық күрестен не себепті бас тартқаны әзірге белгісіз.Дегенмен отандасымыз бұл сайыста  күміс жүлдеге ие болды.

Бұған қоса 55 келіде тағы бір жерлесіміз Зульфия Яхиярова қола жүлде еншіледі.

Айта кетейік, Эльмира Сыздықова 2016 жылғы Рио Олимпиадасында 69 келіде ел намысын қорғап, қола жүлдеге қол жеткізген. Осылайша ол әйелдер күресінен қазақ қыздары арасынан ел тарихында Олимпиада жүлдесін салған алғашқы спортшы болды. Сонымен қатар 2021, 2023 жылы екі дүркін Азия чемпионатында топ жарған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам