Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Ералы Тоғжанов спорт федерациясында жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін, 13:31

Тоғжанов әр жылдары түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған

Ералы Тоғжанов спорт федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
Республикалық «Joryq» ат спорты федерациясы

Республикалық «Joryq» ат спорты федерациясының қамқоршылар кеңесінің жаңа төрағасы болып біраз жыл жоғары лауазымды қызметтер атқарған Ералы Тоғжанов тағайындалды.

 Ералы Тоғжанов федерация құрылған күнінен бастап «Ұлы дала жорығы» жобасына тұрақты қолдау көрсетіп, оның даму бағыттарына белсенді атсалысқан.

«Ералы Тоғжановтың ел басқару ісіндегі мол тәжірибесі, ұлттық мұраға деген терең құрметі мен көреген басшылығы шешуші рөл атқарады. Оның жетекшілігімен федерация қызметі жаңа деңгейге көтеріліп, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен дәстүрлі мәдени құндылықтарды жаңғырту бағытындағы жұмыс нақты нәтижелермен жалғасатыны сөзсіз. «Ұлы дала жорығы» — тұлпар тұқымын іріктейтін табиғи сынақ қана емес, әлемдегі ең төзімді жылқы тұқымын анықтайтын далалық зертхана», - деп хабарлаған федерация.

Тоғжанов әр жылдары түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған. 2000 жылдардың басында Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды. Одан кейін Әділет министрлігі дін істері комитетінің басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметтерін де атқарған.

2017-2019 жылдар аралығында Маңғыстау облысының әкімі. 2020 жылдың ақпанында ол премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Кейін Ақтөбе облысының әкімі болды.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам