Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Допингтен кейін спортқа оралған қазақстандық зілтемірші алтын медаль иеленді

06.08.2025, 18:34

Турнирдің бірінші күнінде нағыз сенсация болды

Допингтен кейін спортқа оралған қазақстандық зілтемірші алтын медаль иеленді
әлеуметтік желі

Қызылордада 6-8 тамыз аралығында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вилорий Пакты еске алуға арналған ауыр атлетикадан республикалық турнир өтіп жатыр.

Турнирдің бірінші күнінде нағыз сенсация болды. Алматы облысының атлеті Анатолий Савельев 65 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Анатолий Савельев осы жарыстың басты фавориті, жергілікті спортшы Бейбарыс Ерсеитті басып озды. Бейбарыс – жастар арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионы.

Анатолий үшін бұл жеңістің маңызы ерекше. Себебі ол осыдан екі жыл бұрын допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілген болатын. Оны спорттан шеттету уақыты биыл 25 сәуірде ғана аяқталды.

Анатолий Савельев 2000 жылдың 6 қаңтарында Алматы облысындағы Текелі қаласында дүниеге келген. Ол 62–65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. 2017 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанып, сол жылы Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған. Сондай-ақ, жастар арасындағы Азия чемпионы атағына ие болған. Қазіргі таңда Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам