Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

100 млн теңге қарыз: кінәлі Даниял Ахметов емес, көмекшісі болып шықты

07.08.2025, 13:36

Жеңіл атлетика федерациясының Бас хатшысы қызметін Асхат Сейсембек атқарған

100 млн теңге қарыз: кінәлі Даниял Ахметов емес, көмекшісі болып шықты
Фото: Instagram.com/qazathletics

Даниал Ахметов Жеңіл атлетика федерациясы президенті қызметінен кеткеннен кейін ұйым 100 миллион теңгеден астам қарызбен қалғанын жазған едік.

Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында sportarena.kz журналисі осының себебін анықтаған.

Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы Даниал Ахметовтің қарыздарға қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді,

Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы (ЖАФ) sportarena.kz редакциясына жолдаған ресми жауабында бұрынғы президент Даниал Ахметовтің ұйымның көп мөлшердегі қарыздарына қатысы жоқ екенін нақты көрсеткен. Федерацияның баспасөз қызметінің айтуынша, бұл қарыздарға жауапты адам – бұрынғы бас хатшы.

Федерацияның қазіргі бас хатшысы Келбет Нұрғазинаның айтуынша:

«Иә, алдыңғы басшылықтан қалған қарыздар бар. Қазір бұл мәселе бойынша ҚР Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қарыздардың бір бөлігі жабылды. Қалғаны реттелу үстінде», - дейді ол.

Сонымен қатар, федерация былай деп нақтылады:

«Алдыңғы басшылық» дегенде бұрынғы бас хатшы туралы болып отыр. Қолданыстағы Жарғыға сәйкес, ұйымның барлық қаржылық жауапкершілігі бас хатшыға жүктеледі. Ал федерация президенті қаржылық құжаттарға қол қою құқығына ие емес және тиісінше қаржылық-шаруашылық қызмет үшін жауап бермейді», - дейді Келбет Нұрғазина.

Бұл мәлімдеме арқылы федерация өкілдері бұрынғы басшылыққа қатысты дауларға нүкте қойып, қазіргі жағдайды түсіндіруге тырысты.

Айта кетейік, Даниал Ахметовтің тұсында жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы қызметін Асхат Сейсембек атқарған. Ол қазір Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубының директоры.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам