
Бұл тек жаттығу залы емес, болашақ чемпиондардың ұясы.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, дзюдодан еліміздің әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова өзінің жеке дзюдо үйірмесін ашпақ.
«Дзюдо үйірмесін ашамын. Бұл тек жаттығу залы емес, болашақ чемпиондардың ұясы. Бұл — тәртіп пен ерік-жігер және де табысқа бастар жол болады», - деді Абиба Әбужақынова өзінің Instagram парақшасында.
Спортшы қазіргі таңдағы еліміздің ең талантты дзюдошыларының бірі. Ол 2 дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері. Соңғы рет Будапеште өткен Әлем чемпиоанатында күміс медальға ие болған. Бұған қоса 2024 жылы Париж Олимпиадасында үшінші орын үшін тартыста қарсыласына есе жіберіп, 5-орынға тұрақтаған.