
Ол 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өткен беделді халықаралық жарыс — Wrestling Stars League 4 турнирінде топ жарды.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен 21 жастағы балуан финалға дейін үш бірдей ресейлік қарсыласын — Константин Пшеничников, Рамазан Шабанов және Омар Зияутдиновты ұтып, алтын медаль иеленді.
Еске сала кетейік, Ризабек Айтмұхан – Қазақстан тарихындағы еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы. Ол 2023 жылы бір жыл ішінде үш бірдей жас санатында әлем чемпионы атанып, ел спортының тарихына енді. Ал 2024 жылы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында да жеңіс тұғырынан көрінді.