
13-21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.
Биылғы бозкілем бәсекесіне еркін күрестен ұлттық құрама сапында мына спортшылар барады. Мадияр Құрамысов бастаған бапкерлер қосыны бекіткен тізім:
Әділет Әлмұхамедов (57 кг)
Асылжан Есенгелді (61 кг)
Начын Куулар (65 кг)
Нұрқожа Қайпанов (70 кг)
Әлібек Әбілқасым (74 кг)
Болат Сақаев (79 кг)
Азамат Дәулетбеков (86 кг)
Камил Куруглиев (92 кг)
Ризабек Айтмұхан (97 кг)
Әлішер Ерғали (125 кг)
Қазір еркін күрес шеберлері Грузияда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Дайындықтың екінші кезеңі елімізде өтеді.
Айта кетейік, 2023 жылы Ризабек Айтмұқан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы болған. Биыл сол атағын қорғауға болады.