Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Спорт журналисі Қазақстанды келеке етті

12.08.2025, 16:42

Бұған дейін ол  «Барыстың» ойынын «оттаған» деп атаған еді

Спорт журналисі Қазақстанды келеке етті
shaiba.kz

Ресейлік танымал спорт шолушысы Алексей Шевченко Қазақстан атауын қате жазды.

Журналист өзінің Telegram-арнасында «Барыс» пен Роман Старченко арасындағы келісімшартқа қатысты пікір білдіре отырып, «Қазақстаннан» дегеннің орнына «Кахастаннан» деп жазып, өрескел қателік жіберді. Ол мұны әдейі жазды ма, әлде байқаусызда кеткен қате ме, әзірге белгісіз.

«Бүгін командаға Александр Севастьянов келді, бірақ өзімен бірге сыйлық әкелмепті. Алайда біз Старченко мен Кахастаннан тағы бір ойыншыны жоғалттық. Осы тізіммен үнемі шатасам да жүремін. Бір күні ҚХЛ-да легионер болмаса да, құрама сапында ойнай алмайтындарды тізімнен алып тастаймын ғой деймін. Менің командамда Канаданы жеңетіндер ғана қалды. Ертең жаттығу 5:50-де басталады, сонан соң 12:00, 14:00 және 16:00-де. Сіздерді жақсылап қинаймын деп шештім. Скатти Баумен де солай істеген», - деп жазды Шевченко.

Айтпақшы, ол аты аңызға айналған жаттықтырушы Скотти Боумэннің есімін де бұрмалап жазған.

Алексей Шевченко бұған дейін елордалық ұжым сапына қатысты айтқан ауыр сөздерімен ерекшеленген еді. Ол «Барыстың» ойынын «оттаған» деп атап, сондай-ақ 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында «Барыс» хоккейшілерінің қатысқанын сынаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 2
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам