Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Олимпиада чемпионы жігітін соққыға жығып, қамауға алынды

12.08.2025, 16:16

АҚШ-тың 25 жастағы жеңіл атлеті әуежайда сүйіктісін соққыға жыққан

Олимпиада чемпионы жігітін соққыға жығып, қамауға алынды
Getty Images

Париж олимпиадасының чемпионы, америкалық спринтер Ша’Карри Ричардсон тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ұсталды. The Sun дерегінше, оқиға Сиэтл әуежайында болып, бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 25 жастағы спортшы 4х100 метрлік эстафетадағы командалық жеңісімен танымал. Ол өзінің сүйіктісі, америкалық атлет Кристиан Коулменмен әуежайда жанжалдасып, алдымен рюкзактың белдігінен тартып, кейін күшпен итерген. Кейін жолын бөгеп, қабырғаға қарай итергені анық көрінеді. Кадрларда демалушылардың жағдайды аң-таң күйде бақылап тұрғаны байқалады. Бірнеше сәттен соң Ричардсон Коулменді ұрып жіберген, ал полиция есебінде спортшы оған белгісіз зат лақтырған болуы мүмкін екені жазылған.

Daily Mail хабарлауынша, Кристиан Коулмен шағым түсіруден бас тартқандықтан, Ричардсон 20 сағаттан кейін қамаудан босатылған.

Айта кетейік, Ша’Карри Ричардсон Париж Олимпиадасында 100 метрге жүгіруден күміс медаль жеңіп алып, кейін АҚШ құрамасына эстафетада алтын сыйлады. Сондай-ақ 2023 жылғы әлем чемпионатында екі алтын және бір қола медаль иеленген. Ол 2021 жылғы Токио Олимпиадасына қатысуы тиіс еді, алайда допингке байланысты жарыстан шеттетілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам