Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Абиба Әбужақынова енді бапкерлікке бет бұратын болды

Бүгін, 00:14

Болашақ чемпиондарды шығаруға бар күшімді саламын

Абиба Әбужақынова енді бапкерлікке бет бұратын болды
ҰОК

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова енді бапкерлікті де қатар алып жүрмекші.

«Жуырда жаңадан «Абиба» дзюдо клубы ашылады. Менің клубымның басты жаттықтырушысы Асылбек Шаханов және өзім боламын. Оқу-жаттығуларымның көбі Астана қаласында өтетіндіктен жиі барып тұрамын. Өз оқушыларыма тәжірбиелеріммен бөлісіп, білгенімнің бәрін үйретемін. Болашақ чемпиондарды шығаруға бар күшімді саламын», - дейді Абиба Әбужақынова instagram парақшасында.

Абиба Әбужақынова дзюдодан еліміздегі ең танымал балуандардың бірі. Ол үш рет әлем чемпионатында жүлде алған. 2025 жылы күміс, ал 2022, 2024 жылдары қола жүлдеге ие болған. Азия чемпионаттарында 2 мәрте күміс медальға қол жеткізген. Сондай-ақ дзюдодан қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионатының финалисі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам