Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Шұғыл жаңалық. Әлем чемпионатына қырғыздың екі дүркін чемпиондары қатыспайды

19.08.2025, 15:00

Қырғыз спортшылары жарақаттан соң толықтай бабына келіп үлгермеген

Шұғыл жаңалық. Әлем чемпионатына қырғыздың екі дүркін чемпиондары қатыспайды
knews.kg

Хорватия астанасы Загребте 13-21 қыркүйек аралығында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Маңызды сынға грек-рим күресінен Қырғызстанның ғана емес, әлемдік күрестің көшбасшылары – екі дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбеков (-60 кг) пен Ақжол Махмудов (-75 кг) қатыса алмайды.

Дереккөздердің мәліметіне сүйенсек, қырғыз спортшылары жарақаттан соң толықтай бабына келіп үлгермеген. Енді Ақжол Махмудовтың орнына Қырғызстан намысын Бекзат Орынқұлұлы қорғайды.
Жоламан да, Ақжол да алтын медальді 2022 және 2023 жылдары жеңіп алған болатын. Сонымен қатар екеуі де Париж олимпиадасында қола жүлдегер атанған. 

Естеріңізде болса, Ақжол Махмұдов Париждегі аламанның ширек финалында қазақстандық Демеу Жадыраевқа есе жіберген еді. Нәтижесінде Демеу Олимпиада ойындарының күміс, Ақжол қола жүлдесіне ие болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам