Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын жеңілдетуді сұрады

04.09.2025, 16:15

Бірақ сот оның өтінішін қанағаттандырмады

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын жеңілдетуді сұрады
әлеуметтік желі

Алматы облысы Алатау қаласының соты 4 қыркүйекте белгілі спортшы әрі Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың өтінішін қарады. Ол жазаның қалған бөлігін жеңіл жазаға ауыстыруды сұраған. Бірақ сот оның өтінішін қанағаттандырмады.

Неге бас тартты?

Нұрасыл Болат биыл мамыр айында екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын. Бұл жазаның талаптары бойынша ол елден шығуға, түнгі клубтар мен барларға баруға, алкоголь ішуге болмайтын еді. Сондай-ақ ол пробациялық бақылауда болып, түнгі 23:00-ден кейін үйінен шықпауы тиіс болатын.

Алайда ол бірнеше рет тәртіп бұзған:

  • 2024 жылдың 14 тамызында түнгі 03:00-де көшеде жүрген;

  • 2024 жылдың 11 қазанында кешкісін мейрамханаға барған;

  • 2024 жылдың 12 қазанында түнгі ойын-сауық орнына барған.

Осы себепті 2024 жылдың қазанында оның жазасы қайта қаралып, бас бостандығын шектеу жазасы орташа қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айыруға ауыстырылған.

Соттағы пікірлер

Сот отырысында Нұрасыл Болат жазаны жеңілдетуді сұрады. Прокурор болса, оның өтінішін жартылай қанағаттандыруды ұсынып, қайтадан бас бостандығын шектеуге ауыстыруға болады деді. Жәбірленушілер де әртүрлі пікір білдірді: бірі толық қолдаса, екіншісі жартылай қолдады.

Сот шешімі

Дегенмен сот бұрынғы тәртіп бұзушылықтарды ескере отырып, сотталғанның мінез-құлқында оң өзгерістер байқалмағанын айтты. Яғни, Нұрасыл Болаттың түзелгенін дәлелдейтін айғақтар жеткіліксіз деп танылды. Сондықтан оның жазаны жеңілдету туралы өтініші қабылданған жоқ.

Бұл шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам