Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Елдос Сметов Мадридте алғашқы шеберлік сағатын өткізеді

05.09.2025, 11:30

Шетелден осындай ұсыныстар түсетіндей дәрежеге жеткенімізге шүкір

Елдос Сметов Мадридте  алғашқы шеберлік сағатын өткізеді
Фото: ijf.org

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов дзюдодан алғашқы шеберлік сағатын Испания астанасы Мадридте өткізеді. Бұл туралы даңқты спортшының өзі Instagram парақшасында жариялады.

«Біз қазір Мадридтің төріндеміз. Мадридке келген себебіміз осы уақытқа дейін шеберлік сағаты бойынша түскен ұсыныстардың бәрінен бас тартып келген едік. Ал енді міне алғашқы шеберлік сағатымды осы Мадрид қаласында өткізгелі жатырмын. Аллаға шүкір, спорттағы тарихымда ел қызығатындай, шетелден осындай ұсыныстар түсетіндей дәрежеге жеткенімізге шүкір. Елімізде де сондай азаматтар көп болсын. Кімсің деген де «Қазақпын» деп мақтанып айтатын жастарымыз азаматтарымыз көп болуына тілектеспін!» - деді Елдос Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов дзюдодан Қазақстан тарихында тұңғыш Олимпиада чемпионы. Ол 2024 жылы Париж Олимпиадасында француздық Лука Мхаидзені тізе бүктіріп, алтыннан алқа таққан еді. Бұған қоса Олимпиада ойындарының барлық жүлде қорын иеленген санаулы спортшылардың бірі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам