ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Канелоның серіктесі» Бек Нұрмағанбет Лас-Вегаста сенсация жасады

11.09.2025, 10:04

Қазақстандық супер орта салмақтағы АҚШ-та өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

«Канелоның серіктесі» Бек Нұрмағанбет Лас-Вегаста сенсация жасады
әлеуметтік желі

Қазақстандық супер орта салмақтағы боксшы Бек Нұрмағанбет АҚШ-та өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Айқас Лас-Вегастағы әйгілі Fontainebleau қонақүйінде ұйымдастырылды. Бұл кездесу мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы тарихи жекпе-жек алдындағы ірі шаралардың бірі болды.

Нұрмағанбеттің қарсыласы – 31 жастағы америкалық Стивен Самптер (11-2-1, 9 КО). Он раундқа жоспарланған жекпе-жек үш раундта-ақ аяқталды. Екінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберсе, үшінші раундтан кейін Самптердің командасы айқасты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, 27 жастағы Бек Нұрмағанбет кәсіби рингтегі жеңістерін 15-ке жеткізді (11-і нокаутпен). Бұл оның Солтүстік Америкадағы қатарынан тоғызыншы жеңісі болып тіркелді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы мексикалық супержұлдыз «Канелоның» тұрақты спарринг-серіктесі саналады. Оның менеджері – Канелоның бапкері әрі сенімді серігі Эдди Рейносо.

Қазіргі таңда Бек Нұрмағанбет Дүниежүзілік бокс ассоциациясының (WBA) рейтингінде 11-орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам